Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды

Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Фото: yandex.kz

Сенат отырысында Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды, – деп жазады inform.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот судьясы қызметіне Еркеш Мәукенді сайлау туралы ұсыныс енгізді. Бұған дейін Қарағанды облыстық сотының судьясы қызметін атқарған. Судьялық еңбек өтілі 22 жылдан асты», – деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы қызметіне сайланғаннан кейін, Сенаттың жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.

Бұған дейін 16 маусымда  Әмір Досжан мен Қамбар Нұрышев Жоғарғы сот судьясы болып сайланғанын жазған болатынбыз.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.