Павлодар облысында жол апатына ұшыраған көлік ішінде бір адам тірідей жанып кетті – видео
Павлодар облысында жол апатына ұшыраған көлік ішінде бір адам тірідей жанып кетті – видео
Фото: Видеодан скриншот
Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолында жол апаты болды, – деп жазады pavlodarnews.kz. Пограничник пен Спутник ауылының арасында екі көлік соқтығысып, біреуі өртенген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан 3 адам зардап шеккен.
«1987 жылы туған ер адам омыртқасы сынып, 1999 жылы туған ер адам жабық бас-ми жарақатымен, беті жыртылып Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жеткізілді, – деді басқарма өкілі.
Үшінші адамның кім екенін анықтау мүмкін болмады. «Үшінші адам – inDriver қосымшасы арқылы көлікке отырған жолаушы. Тірідей жанып кеткендіктен, кім екенін анықтау мүмкін болмады» делінген ресми ақпаратта.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Новости Павлодара и Казахстана (@pavlodar_city_life)

Жол апаты болған жерде екі жедел жәрдем тобы қызмет көрсетті.