Өскеменде дауыл соғып, екі қыздың үстіне аялдама құлады
Өскеменде дауыл соғып, екі қыздың үстіне аялдама құлады
Фото: pikabu.ru
1,788
оқылды
Өскеменде жел екпіні күшейіп, екі баланың үстіне аялдама құлады. Қалалық Тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, кеше дауылдан электр сымы үзіліп, ағаштар құлады. Трамвайлар 3 бағытта уақытша тоқтады. Гагарин гүлзары мен Өтепов көшесінде аялдама құлап, 10 және 12 жастағы екі қыз зардап шекті. Екеуі ауруханаға жеткізілді. Гагарин гүлзары аялдамасына «ҚазӘлем» компаниясы, Өтепов аялдамасына «Таза Өскемен» мекемесі қызмет көрсетеді. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін екі мекемеде ішкі аудит жүргізіледі.