Қияметте хиджаб әйелді азап отынан сақтамайды - Сарыәулие қажы
Қияметте хиджаб әйелді азап отынан сақтамайды - Сарыәулие қажы
Әлеуметтік желіде Сарыәулиенің хиджаб тақырыбына қатысты пікірін оқырмандар қызу қолдады. Оның айтуынша, әйелді хиджаб тозақ отынан сақтамайды, сондықтан әуретті жерін (нәпсі туындататын жерін) жапса болды. Бұл туралы Сарыәулие қажы фейсбуктегі парақшасына жазды.
"Қияметте жабық хиджаб (қымталған киім) әйелді азап отынан сақтамайды. Ең асыл хиджаб - әйелдің ұяты мен оның шынайы сыпайылығы! Әйел жаратылысы ауратын (нәпсі туындататын жерін) бөтен ерден жауып, намысын қорғап жүруге тиісті. Бұл - инабаттылық! Бірақ заманымызда қымтанып жүрген әйелдердің де оқсатып жүргендері шамалы. Аллаһ табарак уа тағала, инша-Аллаһ, әр әйелдің шынайы ниеті мен нақты инаби амалын есепке алады", - деп жазды ол. "Ал мына хиджапқа жабысып отырған пенделер, тыңдаңдар! Ислам дүниесін толық білетін, дарынды емші айтып отыр, демек сөзіне күмəн келтіруге болмайды", "Ең асыл хиджап - ол əйелдің ұяты мен сыпайылығы, иманы мен əдептілігі", "Өте дұрыс айтылған сөздер", "Хиджап киген әйел ме, еркек пе, кім біледі?" деп қолдау білдірді оқырмандар.
Айта кетейік, Құранның "Ниса" сүресінде әйелдерге қатысты бүркеншіктерін жауып жүруі туралы айтылған. Яғни, бұл - парыз.