Кәсіпкерден ақша талап еткен қарулы қылмыстық топ 15 миллион теңгені алу кезінде ұсталды
Кәсіпкерден ақша талап еткен қарулы қылмыстық топ 15 миллион теңгені алу кезінде ұсталды
1,682
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерден Мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін елорда квазимемлекеттік секторы субъектілерінің бірінің басшылығына пара ретінде арналған ақша қаражатын талап еткен криминалдық топтың өкілін әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізді. 25 маусымда аталған адам 15 миллион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.
"Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы – «ТТ» және «Smith&Wesson» маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.
Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.