Доллар бағамы 4,89 теңгеге арзандады

Доллар

Қазақстан қор биржасында теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 маусым кешімен салыстырғанда 4,89 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456,05 теңге болды.

Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,95 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 455,50 теңге, сатып алу – 460,50 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 450 теңгеден болса, сатып алу құны – 457,50 теңге.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.