Тудан қап жасап, қоқыс тасуға пайдаланғандарға қатысты әкімдік түсінік берді
Тудан қап жасап, қоқыс тасуға пайдаланғандарға қатысты әкімдік түсінік берді
Әлеуметтік желіде мемлекеттік тудан қапшық жасап, қоқыс тасымалдағандардың видеосына Жетісу ауданының әкімдігі түсінік берді. Видео авторының айтуынша, бұл оқиға Алматының Жетісу ауданындағы Бөкейханов көшесінде сенбілік өтіп жатқан жерде болған. Осы оқиғаға Жетісу ауданының әкімдігі түсінік берді.
«Видеодағы арнайы техника Алматы қаласы Жетісу ауданының санитарлық тазалығына жауапты мердігер ұйымдардың ешқайсысына тиесілі емес. Сондай-ақ Бөкейханов көшесінде Жетісу ауданының ұйымдары сенбілік өткізбегенін хабарлаймыз. Ұсынылған видеода Нұр - Сұлтан қаласына тиесілі аймақ-01 сериясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген»,- деп жауап берді әкімдіктен.
Сонымен қатар, Жетісу ауданы әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінен автокөлігінің кімге тиесілі екенін анықтауды өтінді.
«Өз кезегімізде біз видео авторын жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілікке тарту үшін Алматы қаласының полиция департаментіне арыз түсірдік»,- деп атап өтті Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің өкілдері.