Келестіктердің талап-тілегі қандай?
Келестіктердің талап-тілегі қандай?
311
оқылды
«AMANAT» партиясы Келес аудан­дық филиалының қоғамдық қабыл­дау бөлмесінде партияның аудандық филиал төрағасы, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Қабылдауға филиалдың атқарушы хат­шысы, фракция жетекшісі Ахмет Жұ­ма­бе­ков, дербес бөлімдер мен мекеме бас­шы­лары қатысты. Жеке қабылдау барысында әкім көгал­дан­дыруға бос жер сұрап аудандық жер бө­ліміне өтініш тастағанын жеткізген Қош­­­қарата ауылдық округінің тұрғыны Садуақас Жанаевтың ұсынысын қолдады. Ал­дағы уақытта жердің басына барып, кө­галдан­дыруға қажетті жерлерді зерделеп, мә­селенің шешімін табуға ықпал ететінін ай­тты. Сондай-ақ ол иелігіндегі жердің ны­са­налық мақсатын өзгерту жайлы құжат­тарын рәсімдеуге көмек сұрап келген Абай ауы­лының тұрғыны Қуатбек Жоланұлы­ның мә­­селесін аудандық жер бөлу комис­сия­­сын­да қарап, аудандық жер бөлімі бас­­шы­сына құжаттарын заң аясында рә­сім­деуге тиіс­ті жұмыстар атқаруды тап­сыр­ды. Ал Алпамыс батыр ауылдық округіндегі ауыз су, көшені жарықтандыру, мектеп мұ­­­ғалімдерінің біліктілігін көтеру, көпір салу мәселелерін көтерген ауыл белсендісі Гау­хар Жораеваға көшелерді жарықтандыру бойын­ша қазіргі таңда конкурс өткізіліп жат­қанын айтып, басқа мәселелерді алда­ғы уақытта кезең-кезеңімен шешуге ықпал ететін болды. Қабылдауға келген Гүлжамал Қалке­нова Жүзімдік ауылдық округіндегі таза ауыз су мәселесін көтерді. Бұл мәселе бойын­ша Ақментай Есбаев ауданда бір­қа­тар елді мекенге, соның ішінде Жүзімдік ел­ді мекеніне «Омега» су тазартқыш қон­дыр­ғысын орнату бойынша жеңімпаз бо­лып анықталған мердігер компания қазіргі таңда қондырғыларды жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатқанын, сапалы қондырғымен қамтамасыз етпесе, тиісті шаралар қабыл­дайтынын жеткізді.

Азат ҚАЗАҚ