Оң шешімін тапқан мәселе
Оң шешімін тапқан мәселе
302
оқылды
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдас­тыруы­мен Қошқарата ауылында өткен мобильді қоғамдық қабылдауда талай жылдан бері шешімін таппаған мәселелер көтерілген болатын. Бү­гінде олар партияның және жергілікті атқарушы органдар мен партия атынан сайланған мәслихат депутаттарының бірлесе жасаған жұмы­сының нәтижесінде кезең-кезеңімен шешімін тауып жатыр. Аталған ауылдық округтің тұрғын­дары округте жел болып, жауын жауса жиі жарық өшетін, жарық бағаналары­ның ұзақ жылдан бері ауыспағанын жә­не әбден тозығы жеткенін, ауыс­тыру­ды қажет ететінін, жарық транс­фор­маторларының қуаттылығы да тө­мен екенін жеткізген еді. Аталған округте 110 жарық бағасын ауыс­тыру жұмыстары жақын арада жүр­гі­зіледі. Ол аяқталғаннан кейін қуат­ты­лығы жоғары трансформаторлар ор­на­тылады. Сондай-ақ ауылдағы Б.Үсенов кө­ше­­сіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлініп, бүгінде мердігер анық­талып жатыр. Ал жайылым жерлердің тапшылығы мә­селесіне келсек, қазір  бос жатқан жер­лерді округ әкімдігінің иелігіне қай­тару жұмыстары жүргізілуде. Нә­­­ти­же­сінде ауылдық округтен бес ша­қырым қа­шықтықта орналасқан 240 гек­тар және босалқы жерлерден 1462,5 гек­тар жер округ иелігіне қайтарылды. Жақын күн­дері ел игілігіне пайдалануға беріледі.

Азат ҚАЗАҚ