Мемлекеттік кеңесші Раевты қабылдады
Мемлекеттік кеңесші Раевты қабылдады
431
оқылды
Мемлекеттік кеңесші ТҮРКСОЙ халық­аралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевты қабылдады. Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевты қабылдады. Кездесуде түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Ерлан Қарин еліміздің руханият саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты. Сондай-ақ биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асқан іс-шара­ларға тоқталды. Мемлекеттік кеңесші айтулы тұлға­лардың атаулы даталарын ТҮРКСОЙ шеңберінде өткізудің қажет екенін атап өтті. Өз кезегінде Сұлтан Раев Ахмет Байтұрсын­ұлы мен Мұхтар Әуезовтің мерейтойын халықаралық ұйым аясында атап өтуге қатысты жоспар құрылғанын, сол бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар тек түркі әлемі шеңберіндегі ғана емес, халық­аралық деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілерге жыл сайын берілетін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезов атындағы төс- белгілердің шығарылғанын айтты. Кездесу соңында тараптар жыл соңында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнал­ған кең көлемді іс-шара ұйымдастыратын болып уағдаласты.

М.ХАҚНАЗАР