Зайсандағы 14 елді мекен газбен қамтылады

Зайсан

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық фи­лиа­лы жанындағы өңірлік аймақтық қоғамдық экологиялық кеңес­тің отырысы өтті.

Жиын барысында ең өзекті инф­ра­құрылымдық проблемалардың бірі – елді мекендерді газ­дандыру мәселесі тал­­қыланды.

Онда Зайсан ауданы әкімінің орын­­басары Се­рік Тілемесов аудан­да­ғы 14 елді мекенді газ­дан­­дыру бойын­­ша жо­ба­ларды іске асыру тура­лы баяндады.

Бүгінде біздің ел мен Қытай ара­сын­дағы келісім ая­сында Сарыбұлақ-Зи­мұ­най газ құбырын салу жә­не Шы­ғыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы ел­­ді мекендерінің шекарасына дейін АГТС және ма­гистралды газ құбырын салу жобалары іске асы­рылу­да.

Қазір Зайсан ауданы бойынша 7118 заң­ды тұлға, үй құрылыстары мен пә­тер­лердің меншік иелері газ­дандыру жүйе­сіне қосылған, оның ішінде Зай­сан қа­ласы бойынша – 4897 үй мен пә­тер, 321 заңды тұл­ғалар нысаны, 9 ел­ді мекенде – 1900 үй бар.

Жобалар аяқталған соң Зайсан ау­данының 20 елд­і мекені толығымен газдандырылады.

Азат ҚАЗАҚ

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.