Астана тұрғыны 40 келі марихуананы көлігіне жасырған
Астана тұрғыны 40 келі марихуананы көлігіне жасырған
Фото: yarnews.net
195
оқылды
Астанада есірткі тасымалын тоқтатуға бағытталған жедел іздестіру кезінде 37 жастағы күдікті ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті хабарлады. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде салмағы 40 келі марихуана табылды. Ол жүкті гараждағы автокөлігіне жасырған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қалада жыл басынан бері заңсыз айналымда жүрген 170 келіден астам түрлі есірткі тәркіленген.