Петропавлда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген адам бас бостандығынан айырылды
Петропавлда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген адам бас бостандығынан айырылды
Фото: rostov.aif.ru
Петропавл тұрғыны жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген. 14 ақпанда масаң күйдегі ер адам 102  шұғыл байланыс желісіне Заводская көшесіндегі үйдің подъезінде жарылғыш затпен тұрғаны туралы хабарлаған. Полиция мен құтқарушылар, арнайы мамандар оқиға орнына шұғыл жеткен. Үйдің жанында масаң күйдегі ер адамды ұстады. Тексеру барысында жарылатын қауіпті зат табылған жоқ. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабымен «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» сотқа дейінгі тергеу басталды. 8 маусымда Петропавл қалалық соты оған бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы  үкім шығарды. СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев: «Ер адамның заңсыз әрекеті тыныштықтың шырқын бұзды. Осындай оқиғалар меншік иелеріне материалдық шығын, мекемелердің жұмысына жиі кедергі келтіреді. Ғимараттарды тексеру үшін адамдарды эвакуациялауға тура келеді. Телефон арқылы терроризм туралы жалған мәлімет таратқаны немесе хабарлағаны үшін Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес, ірі көлемдегі айыппұл мен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін естен шығармаған жөн», – деді.