Жексенбіде де демалыссыз тек қана Армения, Ресей, Қырғызстаннан әкелінген көліктерді ХҚКО тіркейді
Жексенбіде де демалыссыз тек қана Армения, Ресей, Қырғызстаннан әкелінген көліктерді ХҚКО тіркейді
Фото: Интернеттен алынды
203
оқылды
ХҚКО-лар Армения, Ресей, Қырғызстаннан әкелінген көліктерді уақытша тіркеу үшін жексенбі де жұмыс істейді, – деп жазады кolesa.kz. Бүгін, яғни 1 ақпаннан бастап Қазақстанда ЕАЭО елдерінен жеткізілген автокөліктерді уақытша тіркеу акциясы басталды. Осы айда еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-лары демалыссыз жұмыс істейді, бірақ жексенбіде тек көлікті уақытша тіркеуді рәсімдеумен айналысады. Шетелден әкелген көлігін уақытша тіркеуі керек қазақстандықтарға 1 ай ішінде барлық қажетті процедурадан өтуге мүмкіндік беру үшін мекеменің жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылданған.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, елдегі барлық мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс тәртібі 1-29 ақпан аралығында бұрынғыша сақталады - 9.00-ден 20.00-ге дейін, қосымша жексенбі қосылды, ол күндері мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарында тек ЕАЭО елдерінен келген көліктерді уақытша тіркеуді рәсімдейді.
Ал жүргізуші куәлігін беру, қазақстандық автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу сынды қызметтер көрсетілмейді.
Көлікті уақытша тіркеу үшін: жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмір белгілері, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ бастапқы тіркеу төлемінің, мемлекеттік нөмір және техникалық төлқұжатты дайындағаны үшін баж төлегені туралы түбіртек қажет.
Уақытша тіркеуден кейін қазақстандықтар кәдеге жарату алымы мен кедендік баж салығын бір жыл ішінде төлей алады. Айта кетейік, мұндай көлік иелеріне 18 саны бар арнайы сары мемлекеттік нөмір беріледі, ал техникалық төлқұжатта көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі енгізіледі.