Астанада дүкендерге ойын терминалын заңсыз орнатып, 10 миллион теңге пайда тапқан күдіктілер ұсталды
Астанада дүкендерге ойын терминалын заңсыз орнатып, 10 миллион теңге пайда тапқан күдіктілер ұсталды
Фото: time.kz
419
оқылды
Елордада рұқсат беру құжаты жоқ ойын терминалдарын орнатқандардың заңсыз әрекеті әшкере болды. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша екі тұрғынға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Заңсыз айналымнан елорда дүкендерінде орналасқан 800 000 теңге сомасында ақша қаражаты бар 23 ойын терминалы алынды. Осы ойын терминалдарын орналастырып,  заңсыз 10 216 000 теңге пайда тапқан. Күдіктілерге мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Айта кетейік, «Ойын бизнесі туралы» ҚР заңының 11-бабына сәйкес, Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауын және Ақмола облысы Щучинск ауданын қоспағанда, Қазақстан аумағында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға тыйым салынады.