Шымкентте трансформатор өртеніп кетті
Шымкентте трансформатор өртеніп кетті
Фото: ТЖД-нен алынды
658
оқылды
Шымкент қаласындағы  Уәлиханов көшесінде РП-11 трансформаторы өртеніп кетті. Бұл туралы Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сағат 16.11-де оқшауланып, 16.26-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебін мамандар анықтап жатыр. Өрт салдарынан 413 тұтынушы электр жарығынан ажыратылды. Тұрғындарға сағат 03.30-да электр жарығы берілді.