Mecenat. kz ұйымдастырған үздік қазақстандық роман байқауы мәресіне жетті. Биыл Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романы үздік деп танылды, – деп жазады massaget.kz. «Күлпет» романы бойынша сайтта 1 024 оқырман тіркелген. Олардың ішінде нәтижелі, ешқандай күдік тудырмайтын 566 дауыс жиналды. Соңында тек нәтижелі дауыстар есепке алынды, яғни өзін және дауыс беру дерегін растаған оқырманның ғана даусы саналды. Осы жұмыстың нәтижесінде біз расталған көп дауысты жинаған жеңімпазды жариялаймыз. Биыл үздік роман ретінде «Күлпет» романы аталды. Авторды жеңісімен құттықтаймыз! Біз жақын арада онымен, сондай-ақ салтанатты іс-шараға қатысуға шақыру үшін көп дауыс жинаған басқа да финалистермен хабарласамыз», – делінген ресми хабарламада. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін байқау жеңімпаздарының ай сайын жеке есепшотына 500 доллар көлемінде рента түсіп тұрады. Бұл сыйақы көлемі жағынан әлем бойынша 5-орында. Оны Қазақстан азаматтары, патриоттар, әдебиетшілері құрған.