Қашаған кен орнының екі жасанды аралында "Шағала" (қара ала тұқымды) құстарының жаппай қырылу фактілері анықталды. Қазір саны 2 750-ге жетті, – деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі. Осыған байланысты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы арнайы комиссия құрып, аталған аймаққа аттанды. Құстардың өлу себебін анықтау мақсатында су, топырақ және ауа сынамалары, сонымен қатар құстардың өлекселері зерттеуге алынды.
"Зерттеу нәтижесінде, өлген құстардың сынамаларынан АН5 құс тұмауы анықталып отыр", – делінген хабарламада.Қазір Атырау облысының аумағында құстардың жағдайына толық мониторинг жүргізілуде.