Алматыда медициналық университеттің 5-курс студенті өз-өзіне қол жұмсады
Алматыда медициналық университеттің 5-курс студенті өз-өзіне қол жұмсады
© testing.kz
8,484
оқылды
 Алматыда медициналық университет студенті өз-өзіне қол жұмсады, –  деп хабарлады Orda.kz Редакцияға анонимді дереккөз хабарласып, Қазақстан-Ресей медицина университеті Жалпы медицина факультетінің 5-курс студенті асылып қалғанын хабарлаған. Университет ақпаратты растап, оқиғаға қатысты кейбір мәлімет бар хат жолдаған.
«Студент 28 маусымда сағат 03.00 -де үйден шығып, өз-өзіне қол жұмсаған. Марқұмның әпкесі полицияға оның құрбысымен ұрысып қалған соң тұйықталып кеткенін хабарлаған», – делінген хатта.
Студент жақсы оқыған, соңғы мемлекеттік емтиханнан 78 балл алған.