Рубль құны 9 теңгеден асып кетті
Рубль құны 9 теңгеден асып кетті
'@tengenomika
395
оқылды
Қазақстан қор биржасында (KASE) бір рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы бағамы 0,47 теңгеге өсіп, 9,13 теңгеге жетті. Ресей рублінің 30 маусымдағы ресми бағамы 9,1 теңге деңгейінде белгіленді. Ұлттық банктің мәліметінше, 29 маусымдағы жағдай бойынша Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,5 теңгеге өсіп, 8,61 теңге болды. Дәл қазір  Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 7,7 – 8,6 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанда 7,75 – 8,3 теңге аралығында құбылып тұр. Бұған дейін доллар бағамы 8,78 теңгеге қымбаттағанын хабарлаған болатынбыз.