Оралда ток соққан екі адам ауыр жарақат алған
Оралда ток соққан екі адам ауыр жарақат алған
1,331
оқылды
Оқиға Зачаган кентінде орын алған. Жер астындағы үзілген кабельді жалғау кезінде екі адамды ток соғып, оларды сол бойда жедел жәрдем бригадасы алып кеткен. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 16.52-де түскен.
«Оқыс оқиға салдарынан 1989 жылғы ер адамның беті, екі қолы, екі аяғы күйген. 2-3 дәрежелі 15-16 пайыз күйік жарақатын алған. Бастапқыда жансақтау бөліміне түскенімен, кейін палатаға ауыстырылды. Жағдайы тұрақты. 1979 жылғы ер адамның беті, екі қолы мен аяғы, денесін 55 пайыз (3-дәрежелі) күйік шалған. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде»,– деп хабарлады ведомстводан.