Нұр-Сұлтан мен Алматы «сары» аймаққа жақындады - Есмағамбетова
Нұр-Сұлтан мен Алматы «сары» аймаққа жақындады - Есмағамбетова
Денсаулық сақтау вице-министрі-Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймаққа жақындап келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, маусым айының ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіштерінің артып келе жатқаны байқалады.
"Ақырын-ақырын қарқын алған COVID-19 жұқтырғандар саны күнделікті 50 жағдайға жетіп, соңғы тәулікте 110 дерек анықталды. Егер бір аптадан келесі аптадағы көрсеткішті салыстырсақ, өсім 3,6 есе өскен",– дейді Айжан Есмағамбетова.
Сонымен қатар, ол елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап бара жатқанын тағы да атап өтті.
– Әзірге, біз қандай да бір қосымша немесе жаңа шектеу шараларын енгізу туралы мәселе көтеріп отырған жоқпыз, өйткені барлық өңірлер бұрынғысынша "жасыл", қауіпсіз аймақта қалып отыр. Бірақ Нұр-Сұлтан мен Алматы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймаққа жақындап келеді,– дейді Денсаулық сақтау вице-министрі.