Қаңтар оқиғасы кезінде қираған Талдықорғандағы облыстық әкімдік ғимаратын қалпына келтіруге 4 млрд 758 млн теңге бөлінген, – деп жазады inform.kz. Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмысы 30 қыркүйекте аяқталуы тиіс. Алты қабатты ғимараттың жалпы аумағы – 9 793,9 шаршы метр. Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген қалалық полиция басқармасының ғимаратын жөндеуге 795 миллион теңге бөлінген. Келісімшарт бойынша 30 тамызда толықтай жөнделіп, бітуі керек. «Аманат» партиясының облыстық филиалының кеңсесін қалыпқа келтіру үшін демеушілердің есебінен 219 миллион теңге бөлінген. Ғимаратты жөндеу жұмыстарының 85 пайызы аяқталды.