Қарағанды облысы Нұра кенті маңында жол апатынан 2 жүргізуші қаза тапты. Полиция департаментінің мәліметінше, екі көлік бетпе-бет соқтығысып, екі жүргізуші мерт болды. Апат 28 маусым күні сағат 21.45-те болған. Нұра ауылынан 4 шақырым жерде «Жараспай-Нұра» автожолында екі автокөлік соқтығысқан. «Хонда Одиссей» автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, 25 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Фольксваген Гольф» автокөлігімен соқтығысқан. «Хонда Одиссей» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. «Фольксваген Гольф» автокөлігінің жүргізушісі ауруханада қайтыс болды. Жол апатынан «Фольксваген Гольф» автокөлігінің жолаушылары зардап шекті. 37 және 33 жастағы ерлі-зайыпты және олардың 11, 8, 7, 6, 5 және 2 жастағы балалары, сондай-ақ әйелдің 19 жастағы інісі ауруханаға жеткізілді.