Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны күрт көбейді

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны күрт көбейді

Өткен тәулікте Қазақстанда 137 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. Атап айтқанда: Нұр-Сұлтан қаласында – 26, Алматы қаласында – 77, Шымкент қаласында – 6, Ақмола облысында – 4, Алматы облысында – 5, Атырау облысында – 4, Жамбыл облысында – 1, Қарағанды облысында – 9, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 2, Түркістан облысында – 1. Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 306 608-ге жетті.