Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа шалдыққандардың қайта көбейіп жатқаны туралы айтты.
«Ең маңызды мәселе вакциналау болып отыр. Қазір эпидемиологиялық ахуал айтарлықтай күрделі емес. Алайда науқастар саны күрт көбейсе, маска тағу режиміне қайта оралуымыз мүмкін. Тәулігіне 100 адамға дейін науқастар саны артқаны мәселе болып тұр. Карантин талаптарын күшейту мәселесін ведомствоаралық комиссияның отырысында көтереміз. Тек қана маска тағу жөнінде ғана емес, жалпы талаптар туралы талқылаймыз», – деді Ералы Тоғжанов.Өткен тәулікте 137 адамнан коронавирус анықталды.