Асекең үйленемін десе, рұқсатымды беремін - Бағдат Әшімова
Асекең үйленемін десе, рұқсатымды беремін - Бағдат Әшімова
21,071
оқылды
Асанәлі Әшімов қазіргі жұбайымен отау құрған кезде 66 жаста болған. Бағдат Әшімова небәрі 31 жаста. Жасына әрі ата-анасының қарсылығына қарамастан, Бағдат Әшімова отбасынан айырылып, жүрегі жараланған актерге демеу болғысы келген. Ақырында қалауын орындаған. Ал бүгінде жұбайы екінші әйел аламын десе, қарсы емес. Бұл туралы Бағдат Әшімова Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сұхбат бергенде айтты. Stan.kz сайтының жазуынша, Бағдат Әшімова жас болғанына қарамастан, Асанәлі Әшімовке қалай ғашық болғанын әңгімеледі.
"Сөздің құдіреті ғой. Кітабын бір түнде оқып шықтым. Сол кітапта Асекең ішіндегі жан сырын ақтарған, басындағы қайғысын, жүрегіндегі ащы өкінішін жазған. Сол кітаптағы сөз мені баурап алды. Осы кісіге тірек болайыншы, қолымнан келсе, көзіндегі жасты сүртейінші, жүрегіне қуаныш ұялатайыншы дедім", – дейді Бағдат Әшімова.
Бүгінде екеуінің отау құрғанына 19 жыл толды. Араларында Асанәлі есімді ұл бар. Одан бөлек, актердің балаларынан сүйген немере-шөберелері жетерлік. Бағдат Әшімова актердің өткен өміріне құрметпен қарайтынын айтады. Алдыңғы некелерінен тараған ұрпағын шеттетпей, бауырына басқан. Ал алдағы уақытта Асанәлі Әшімов тағы әйел алуды ойласа, қарсы емес.
"Бұрын апаларымыз тоқалды өздері алып беріп отырған ғой. Ол да болса бәйбішеге мойын бұратын, сол әулетке қызмет ететін қыз бала болып жатса, неге алмасқа? Бірақ мен өз ойымды айтамын. Ал енді Асекең тағы бір кісіге үйленем деп жатса, мен көнер ме едім, көнбес пе едім? Менен жақсысын тауып жатса, менен жақсы Асекеңнің жағдайын жасайтын, шын берілген адамды сүйіп жатса, рұқсат беретін едім", – дейді Бағдат Әшімова.