«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды - Антикор
«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды - Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда. Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновна күдіктелуде. Бұл туралы Антикор Телеграм-арнасында жазды.
"Шнар Муктароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, агенттіктің көрсетілген телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз: call-центр 1424; +7 (7172) 909 260 Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген", - делінген хабарламада.