Қарағандыда такси жүргізушісі жас келіншекті қорқытып, қаланың сыртына алып кеткен

Қарағандыда такси жүргізушісі жас келіншекті қорқытып, қаланың сыртына алып кеткен

Қарағандыда әйел таксиді кешкі сағат он шамасында шақырған, – деп жазады sputnik.kz. Такси жүргізушісі әйелді Павлодар тас жолына шығарып, белгісіз бағытта жол тартқан. Күшіне сеніп, қорқытып, қаладан алысқа ұзай берген. Қараңғыда әйел қатты жылдамдықпен келе жатқан көліктен секіре алмаған. Бірақ ол телефон арқылы дабыл сигналын жіберіп үлгерген. Хабар жеткен сәтте полицей Айдар Мұсабеков пен Талғат Қамалбековтың  шұғыл жолға шыққан.

«Олар әйелдің ұялы телефонына хабарласып, көліктің геолокациясын анықтады. Содан кейін барлық кезекші бекеттерге ақпарат берді», – дейді келіншектің күйеуі.
Полиция көлікті тоқтатып, әйелді құтқарған. Әйел зардап шеккен жоқ. Такси жүргізушісі Октябрь бөлімшесіне жеткізілді. Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.