Ауыл шаруашылығы министрі елімізде еттің қымбаттауына қатысты пікір білдірді
Ауыл шаруашылығы министрі елімізде еттің қымбаттауына қатысты пікір білдірді
© 24.kz
995
оқылды
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев журналистердің “Қазақстанда неге ет қымбаттап жатыр” деген сауалына жауап берді. 
"Кеше баға түсіп жатыр деп айтты. Көтерме баға өсіп жатқан жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімі бойынша қатты өсім байқалмайды, біз бағаны ұстап тұрмыз", – деді министр Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.
Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, Қазақстан қазір өзін етпен толық қамтамасыз етіп отыр. Ет бағасы үнемі өседі, бірақ қатты өсім байқалмайды.
“Кеше өткен тыңдауда депутаттар бұл мәселені талқылады. Мал өсірушілер етті сатып алу бағасының төмен екеніне шағымданады. Сондықтан біз жаңа нарық ашып, фермерлерге қолдау көрсетуіміз керек деген шешімге келдік", – деді Қарашөкеев.
Бұған дейін Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету талқыланып жатқанын айтты.