Доллар бағамы 4,65 теңгеге қымбаттады

Доллар бағамы 4,65 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,65 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 470,34 теңге. Ұлттық банктің 30 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 465,08 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 470 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 463,50 теңгеден болса, сатып алу құны – 466 теңге.