СҚО-да ер адам балаларының көзінше әйелін атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады

бала
© azattyq-ruhy.kz

Солтүстік Қазақстан облысында аңшы мылтығынан екі адам қаза тапты. Тергеушілердің болжамды нұсқасы бойынша әйелін атып өлтірген Айыртау ауданының тұрғыны өзіне қол салған. Жантүршігерлік оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ерлі-зайыптылардың артында кәмелетке толмаған 3 бала қалды, -деп хабарлады Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.      

Шақырту бойынша қылмыс орнына жеткен жедел тергеу тобы адам қолынан қаза тапқан екі адамның мәйітін тапқан. Оның біреуі әйел адам болса, екіншісі марқұмның күйеуі Лобанов ауылының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қайғылы оқиға 27 маусымда таңғы сағат 5 шамасында болған. Бұл жайтты полицияға атыс кезінде үйде болған балалар хабарлаған. Оқиға орнынан аңшылық мылтық тәркіленді.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (ауырлататын мән-жайлардағы кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалған үш кәмелетке толмаған бала Айыртау ауданының Саумалкөл ауылындағы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Оқиғаның негізгі нұсқаларының біріне сәйкес, 36 жастағы ауыл тұрғыны жанжал кезінде әйелі атқан. Ол қайтыс болғаннан кейін мылтықпен өз-өзін өлтіргені анықталды. Алайда қорытынды тергеу нәтижелерінен кейін шығарылады», – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша қажетті сот сараптамаларының кешені тағайындалды. Іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.