Оралда 24 жастағы әйел оныншы қабаттан секіріп мерт болды
Оралда 24 жастағы әйел оныншы қабаттан секіріп мерт болды
© inform.kz
Оралда әйел оныншы қабаттың балконынан секіріп, өзіне қол жұмсады. 24 жастағы келіншек оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды "Мой город" порталы.  БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 27 маусым күні кешкі сағат 20:15-те "Құрылысшы" ықшамауданында болған. Әйелдің мүрдесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін моргке жіберілді. Аталған іс өз-өзіне қол жұмсау фактісі ретінде тіркелді. Бұған дейін СҚО-да ер адам әйелін атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсағанын жазған болатынбыз.