Ресей әскері Украинаның Змеиный аралынан кетті
Ресей әскері Украинаның Змеиный аралынан кетті
© eadaily.com
1,078
оқылды
Ресей әскері Қара теңіздегі Украинаның Змеиный аралын тастап кетті, – деп жазады  dw.com.
"Ресей өз еркімен Змеиный аралынан кетті. Бұл шешім Ресейдің әлемдік қауымдастыққа Украина территориясынан жеткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне кедергі келтірмейтінін көрсету үшін жасалып отыр", - делінген РФ Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Ал Украина қарулы күштерінің «Оңтүстік» командованиесінің хабарлауынша, бүгін түнде украин әскері Змеиныйды басып алған ресейлік әскерилерді оқтың астына алған. Осыдан кейін олар аралды тастап кетуге мәжбүр болған. Айта кетейік Ресей әскері 24 ақпанда Украина жеріне басып кірді.