Алматы әкімдігі лифтің 25-қабаттың төбесіне соғылу оқиғасына қатысты пікір білдірді
Алматы әкімдігі лифтің 25-қабаттың төбесіне соғылу оқиғасына қатысты пікір білдірді
2,683
оқылды
Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 маусымда Кекілбайұлы көшесі, 264-үй мекенжайында орналасқан Mega Towers тұрғын үй кешенінде болған. Лифт 25-қабатқа қатты жылдамдықпен көтеріліп, ғимараттың төбесіне соғылды. Ол кенеттен тоқтаған кезде кабинада болған ер адам жарақат алған.
Алматы коммуналдық инфрақұрылымын дамыту басқармасының лифт жабдықтарын бақылау бөлімінің мамандары осы мекенжайға барды. Лифтке визуалды тексеру жүргізілді және қызмет көрсететін ұйыммен бірге болған оқиғаның себептері талқыланды. Бұл оқиға жұмыс тәртібінде қаралып, жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады, – деді әкімдік өкілдері.
Қала әкімшілігінің мәліметінше, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 2-бабы 14-тармағына сәйкес, лифт – ортақ мүлік, оны ұстау ауыртпалығын қызмет көрсететін басқару органы мен тұрғындар бірлесіп көтереді. Әкімдік өкілдері Sigma маркалы лифтің 2008 жылдан бері пайдаланылып келгенін хабарлады. Сондай-ақ, олар қызмет көрсететін ұйымның жұмысы қанағаттандырмаған жағдайда, тұрғындар жиналыста оны ауыстыру немесе басқарудың жаңа нысандарының бірін таңдау туралы мәселе қозғай алатынын айтты. Қазір Бостандық ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Mega Towers лифтісінің өздігінен қозғалу фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KRISP ALMATY | КРИСП АЛМАТЫ (@krisp_almaty)