Қостанай облысында кеніште екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілердің бірі қаза тапты
Қостанай облысында кеніште екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілердің бірі қаза тапты
357
оқылды
Қостанай облысындағы Аят боксит кенішінде екі көліктің соқтығысуы салдарынан жүргізуші қаза тапты.  Қайғылы оқиға жайлы Kраснооктябрь боксит руда басқармасының Instagram парақшасында жарияланды.
 «Краснооктябрь боксит кеніші басқармасына» қарасты Аят боксит кенішінде адам өліміне әкелген апат болды. Онда жүкті өз бетінше түсіретін екі көліктің соқтығысуы кезінде жүргізушілердің бірі күрделі дене жарақатын алып, қаза тапты», - деп мәлім етті Краснооктябрь боксит кені басқармасы өз сайтында.
Компания ұжымы мен басшылығы марқұм әріптесінің отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Сондай-ақ жерлеуді ұйымдастыруға отбасына көмек көрсетілетіні хабарланды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды.