Көрерменсіз «Каспий»
Көрерменсіз «Каспий»
281
оқылды
«Каспий» матчтарына көрермен кіргізілмейтін болды. Қазақстан футбол федера­ция­сының Бақылау-тәртіптік ко­ми­теті осындай шешім шығарды. Бұл жөнінде Қазақстан кәсіп­қой футбол лигасы мәлімдейді. Қатаң санкцияға жанкүйерлердің фаер қолдану және алаңға бөтелке лақтыру сияқты әрекеттері түрткі болды. Нәтижесінде, ақтаулық клуб алдағы екі кездесуін көрер­мен­сіз өткізеді. Яғни, «Каспий» Қа­зақстан кубогы аясында 10 шіл­деде «Қызылжарды», ал 23 шілдеде «Қайсарды» қабылдауы қажет. Еске сала кетейік, соңғы, яғни 14-ші тур аясында «Каспий» өз алаңында «Тұран» командасымен кез­десіп, 2:0 есебімен жеңіліп қал­ды. Қонақтар сапынан Санжар Са­танов пен Чиди Осучукву гол соқ­ты. Осының нәтижесінде ақ­тау­лық клуб турнир тізімінің 5-ші са­тысына төмендеді. Қазір оның ен­шісінде 22 ұпай бар.