Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
329
оқылды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда екінші сессия жұмысы аяқталды. Мәжіліс Спикері Ерлан Қо­ша­нов­тың төрағалығымен Пар­ламент Палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда екінші сессия жұмысы аяқталды. Ерлан Қошанов Парламенттің осы сессиясы барша қазақстандық қоғам үшін айрықша жауапты кезеңде өткенін атап өтті. Мәжіліс Төрағасы екінші сес­сия­ның заңнамалық күн тәртібі айтарлықтай мазмұнды болға­нына мән берді. Мәселен, Пала­та­лардың 4 бірлескен отырысы өтті. Мәжілістің 42 жалпы оты­рысы өтіп, онда 271 мәселе қарал­ды. Ал Сенаттың 42 жалпы оты­рысында 148 мәселе қаралды. Өткен сессияда қос Палатада 127 заң жобасы болды, оның 78-і қабылданды. Парламент қабыл­даған заңдардың қазіргі уақытта 66-на Президент қол қойып, заң күшіне енді. Сондай-ақ сессия бары­сында депутаттардың бастама­шылығы­мен 27 заң жобасы әзірленді. Олардың 19-ы қазіргі уақытта қабылданды, тағы 8 заң жобасы бойынша жұмыс жалғасып жатыр.Мәжіліс Спи­кері­нің айтуын­ша, депутаттар бастамашы болған заңдардың бірқатары Мемлекет басшы­сының тапсыр­ма­ларын орындауға бағытталған. Соның ішінде «Қазақстан Рес­пуб­лика­сындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Қаржы пирамида­лары­ның қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері жө­ніндегі», «Қазақ­стан Республика­сының сот жүйесі мен судьялары­ның мәрте­бесі туралы» заңдар қабылданды. Ерекше күтімді қажет ететін адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері жөнінде де заң мақұлданды. Нәтиже­сінде, 13 мыңға жуық ата-ана балаларының оңалтудан өтуі кезінде бірге тұру мен тамақ­тануға жұмсалатын шығыстардың 70 пайызына өтемақы алады. Cонымен қатар Ерлан Қоша­нов Парламент бала құқығын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бо­йынша құжат қабылданғанын айтты. Палата Төрағасы өткен сессия барысында Парламент елдің сырт­қы саясаттағы басым міндет­терін іске асыруды бекітетін, шетелдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған 27 халық­аралық шарт пен мемлекетаралық келісім ратификацияланға-нын атап өтті. Қос Палата депутаттары өз қызметінде сайлаушылармен байланысқа ерекше көңіл бөлуде. Бұл Мемлекет басшысының осы бағыттағы жұмысты күшейту жөніндегі тапсырмасын орын­дауға бағытталған. Сондықтан депутаттар мен халық арасында мазмұнды диалог жолға қойылуға тиіс екенін айт­қан Ерлан Қоша­нов депутаттар өңірлерге 8 рет барып, 7 200-ге жуық кездесу өткіз­геніне назар аударды. Мәжіліс Төрағасы өткен сессияда депутаттық сауалдармен де көптеген мәселе көтерілгенін айтты. Парламент депутаттары Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың атына 494 депутат­тық сауал жолдады. Сессия барысында «AMANAT», «Ақ жол» және «Қазақ­стан Халық партиясының» парламенттік фракциялары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Жаңа Қазақ­стан» және «Өңір» депутаттық топтары белсенді жұмыс істеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық талқылауларды әлеуметтік желі­лер мен қала алаңдарынан Пар­ламент қабырғасына әкелу қажеттігін айтқан болатын. Осы мақсатта Мәжілістің жанынан Қоғамдық палата құрылды. Оның құрамына қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық сектор өкілдері кірді. Сонымен қатар азаматтардың талап-тілектеріне жедел ден қою үшін Мәжілістің Қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Бұған қоса, Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңы жұмыс істеп жатыр. Бірлескен отырыс барысында Мәжіліс Төрағасы бұл жұмыс­тардың келесі сессияда да қар­қынды жалғасатынын атап өтті. «Біз заң шығару жұмысына ерекше қарқын бердік. Енді осы қарқынды алдағы кезеңде де сақ­таудың маңызы зор. Кезекті пар­ламенттік сессияда заң шығару жұмысы, ең алдымен, Президен­тіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында алға қойылған міндеттерді орындауға, конституциялық реформаларды іске асыруға бағытталатын бола­ды. Атап айтқанда, 20-дан астам жаңа заң жобасын әзірлеп, қабылдауымыз қажет. Мемлекет басшысы басты заңдарды жыл соңына дейін қабылдауды тап­сырды. Сондықтан біз – депутат­тар бұл жұмысқа парламенттің күзгі сессиясы басталған кезде дереу кірісуіміз қажет», – деді Палата Төрағасы. Отырыс соңында Ерлан Қо­шанов Үкімет мүшелеріне екі Палата аппараттарының қызмет­керлеріне, сарапшылар қоғамдас­тығына, бұқаралық ақпарат құ­рал­дарының өкілдеріне бірлескен жұмысы үшін зор ризашылығын білдірді. Айта кету керек, жиынға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Консти­туция­лық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Орталық сайлау комис­сиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары, Үкімет мүшелері, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган басшылары және Пре­зидент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент Палаталары аппараттарының жауапты қызметкерлері қатысты.