Бублик үшінші айналымға өтті
Бублик үшінші айналымға өтті
244
оқылды
Ұлбыритания астанасы Лондон қа­ласында жылдың ең басты бә­се­кесі Уимболдан турнирі жалғасып жа­тыр. Жарыстың кезекті күні қа­зақ­стандық Александр Бублик сер­бия­лық Душан Лайовичпен кездесті. Айта кету керек, Бублик қазір әлемдік рейтингтің 38-ші, ал қар­сы­­ласы – 64-ші сатыда тұр. Сәй­кесінше, ойын барысында жер­лесіміз айқын басымдық танытты. Бублик 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнт­тың тең жартысын мүлт жі­бер­ген жоқ. Осылайша, 2 сағатқа со­зылған матч 7:6, 6:2, 7:5 есебімен аяқ­талды. Енді Александр әлемнің 23-ракеткасы, америкалық Фрэн­сис Тиафомен жолығады. Қазақ­стан­дық спортшылар арасынан Елена Рыбакина да жарысты жал­ғастырып жатыр. Ол екінші ай­на­лымға шықты. Ал Андрей Голубев жұптық сында жеңіліп, бәсекені тоқ­татты. Ол украиналық Денис Мол­чановпен бірге өнер көрсеткен еді. Лондондағы теннис турнирі 10 шілдеге дейін жалғасады. Ал оның жал­пы жүлде қоры – 49 миллион АҚШ доллары.