Еңбек қауіпсіздігі ескеріледі
Еңбек қауіпсіздігі ескеріледі
352
оқылды
«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық фи­лиа­лы жанындағы Өңірді дамыту бойынша қоғамдық кеңестің оты­рысы өтті. Жиынның күн тәртібінде Шығыс Қа­­зақстан облысы кәсіпорындарының қыз­­меткерлері арасында еңбек заңна­ма­сын сақтау, сондай-ақ жұмыссыз­дық­­т­ы азайту және халықтың табыс дең­­­­гейін арттыру бойынша қабыл­да­нып жатқан шаралар талқыланды.
– Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қор­ғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік және ішкі бақылаудың тиім­­ділігін арттыру бойынша кешенді ша­ралар қабылдау мақсатында былтыр Шы­ғыс Қазақстан облысында 2025 жыл­ға дейін Қауіпсіз еңбек жағдай­ла­рын қам­тамасыз ету жөніндегі іс-қи­мыл жос­пары бекітілді. Еңбек қауіп­сіз­дігі және еңбекті қорғау талаптары­ның сақ­талуына ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындарда 1 950 тех­ни­калық инспектор қызметін жүзеге асы­рады, ең­бек қауіпсіздігі және ең­бек­ті қорғау жө­н­індегі 1 298 өндірістік кеңес құрылды, – деді Шығыс Қа­зақ­стан облысы Мем­ле­кеттік еңбек инс­пек­циясы басқарма­сы­ның басшысы Бақытбек Қизатов.
Жастарды тұрақты жұмысқа орна­лас­тыру және жастарды қолдау – пар­тия­ның негізгі басымдықтарының бірі.
– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаң­­­­­­тар­дағы Мәжіліс отырысында бер­ген тапсырмасына сәйкес, биылдан бас­тап осы жобаларға қатысушыларға мем­лекеттік бюджеттен субсидиялар есе­бінен төленетін жалақы мөлшері едәуір ұлғайды. «Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша жалақы 25 АЕК-тен (76 575 теңге) 30 АЕК-ке (91 890 теңге), «Бі­рін­ші жұмыс орны» жобасы бойын­ша 20 АЕК-тен (61 260 теңге) 30 АЕК-ке (91 890 теңге) дейін ұлғайтылды. Осы жылы Жастар практикасы бойын­ша 165 адам, «Бірінші жұмыс орны» жо­басы бойынша 25 адам қамтылды, – деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының Жұ­­мыспен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқармасы бас­шысының орынбасары Досхан Қайыр­ғазинов.

Азат ҚАЗАҚ