Парламент палаталарының бірлескен отырысында 9 айда атқарылған жұмыс қорытындыланды, – деп хабарлайды AstanaTV. Қыркүйекке дейін демалысқа кетіп бара жатқан депутаттар Қазақстанда демалатынын айтты. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Алакөл мен Балқашқа шомылуға барамын десе, Бақытбек Смағұл еліміздің шекаралық аудандарын аралайтынын айтты. Мәжіліс Төрағасы депутаттарға өңірлерді аралап, ізденіп келуге кеңес берді. Бұған дейін Парламент депутаттары 78 заң қабылдап, каникулға кеткенін жазған болатынбыз.