Ақмола облысында ерегескен екі қарулы топтан қару-жарақ тәркіленді
Ақмола облысында ерегескен екі қарулы топтан қару-жарақ тәркіленді
Фото: ПД-нен алынды
Ақмола облысында бір-бірімен бас араздығы бар 15 адамнан тұратын екі қарулы топ ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады. 28 маусымда полицияға Қарасай тасжолы бойындағы автодромда қарулы топтардың өзара жанжалдасқаны туралы хабар түсті. «Оқиға орнына Криминалдық полиция басқармасының арнайы мақсаттағы бөлімше жедел тергеу тобы шұғыл жетті. Тергеу барысында Көкшетау мен Қарағанды қалаларының 22 жастан 40 жасқа дейінгі 15 тұрғыны төбелеске қатысқаны белгілі болды. Олардан Tranfoglio және «Стражник» маркалы тапанша, оқ-дәрі, бұрыш бүріккіш, пышақ пен кастеттер тәркіленді», – деді полицейлер.   [caption id="attachment_203863" align="alignnone" width="675"] width= Фото: ПД-нен алынды[/caption] Оқиғаның мән-жайы тегеуден соң белгілі болады.