Орал қаласындағы облыстық перинаталды орталықта Ақмарал Жұмазова 30 маусым күні үшем босанды, с деп жазады infom.kz. Көпбалалы отбасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында тұрады. Үшемнің әкесі Елдос Базарбайұлының айтуынша, бұдан бұрын бір ұл, бір қызы бар. Енді Ақмарал екеуі бес баланың ата-анасы болды. Қазір Ақмарал мен үшемді дәрігерлер қарап жатыр. Әмина, Рәмина, Мәдина атанған сәбилердің салмағы 2 600, 2 400 және 1 900 грамм. «Өмірге сәби әкелу оңай емес. Аман-есен болғанына қуаныштымыз. Балаларымыз аман-есен өсіп кетсе, біз үшін сол бақыт», – дейді Елдос Базарбайұлы. Ол – қолөнер шебері. Астау, бесік, домбыра жасаудың хас шебері. Үшемнің анасы Ақмарал Жұмазова №1 мектеп-лицейде физика пәнінен дәріс береді.