Смаилов Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі болып тағайындалды
Смаилов Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі болып тағайындалды
Фото: munaranews.kz
901
оқылды
Абай облысында қайта құрылған Ақсуат ауданының әкімі болып Асхат Смаилов тағайындалды. Асхат Сайдахметұлы 1968 жылы 1 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл Кесік ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін Экономист мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1994 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кіріс түсуін болжау және экономикалық талдау бөлімінің аға экономисі болып бастаған. Кейін Тарбағатай аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бюджет бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2002-2005 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық экономика бөлімін, кейін аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімін басқарған. Екі жыл Тарбағатай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті. 2009-2010 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы болды. 2010-2018 жылдар аралығында Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, 2018-2020 жылдары Көкпекті ауданының әкімі лауазымын атқарды. Осы уақытқа дейін Тарбағатай ауданының әкімі болып еңбек етті.