Шілде айында ауа райы қандай болады?
Шілде айында ауа райы қандай болады?
Фото: twitter.com
628
оқылды
«Қазгидромет» шілде айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Шілденің бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады. Қазақстанның батыс облыстарында нөсер жауын жауады.
«Күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жауады, жел екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді. Осы кезеңде Солтүстік теңіздер аймағынан суық ауа массасы ығысып, республиканың солтүстік жартысында түнде температура +5+13 градус, күндіз ауа температурасы +18+28 градустан +12+17 градусқа дейін төмендейді, республиканың оңтүстік жартысында түнде +20+25 градустан +12+20 градусқа дейін, күндіз +30+38 градустан +23+30 градусқа дейін аптап болады», – делінген ресми хабарламада.
Шілденің бірінші онкүндігінің аяғы мен екінші онкүндігінің басында күн ысиды. Ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс жартысында +30+40 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста +25+33 градусқа дейін көтеріледі. Айдың ортасында Ресейден келетін суық ауа массалары ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік және батыс облыстарында құмды дауыл тұрып, жел күшейеді. «Айдың екінші жартысында ауа температурасы тұрақсыз болуы мүмкін. Республиканың оңтүстік жартысында түнде +15+20 градустан +18+25 градусқа дейін, күндіз +25+30 градустан +35+42 градусқа дейін, солтүстік жартысында түнде +10+15 градустан +15+20 градусқа дейін, күндіз +20+28 градустан +28+35 градусқа дейін», – делінген хабарламада.