«Халыққа көмек» жобасы аясында тігін шеберханасы ашылып, 15 адам жұмыспен қамтылды
«Халыққа көмек» жобасы аясында тігін шеберханасы ашылып, 15 адам жұмыспен қамтылды
«AMANAT» партиясының «Халыққа көмек» жобасы аясында  Алматы облысы Жыланды ауылында «Ауыл өнері» тігін шеберханасы ашылып, 15 адам жұмыспен қамтылды.  «Жыланды» ауылындағы Бастауыш партия ұйымы төрағасы М.Садуақасовтың қоғамдық қабылдауында ауыл тұрғыны Назия Сәрсембайқызы шағын тігін шеберханасын ашуға көмектесуді сұраған. халыққа көмек БПҰ төрағасы аталған мәселені бірден өз бақылауына алып, жекеменшік кәсіп иесі, меценат Серік  Оспановқа ұсыныс айтып, кездесу ұйымдастырды. халыққа көмек Нәтижесінде, жеке кәсіпкер С.Оспановтың демеушілігімен Жыланды ауылында «Ауыл өнері» тігін шеберханасы ашылып, 15 адам жұмыспен қамтылды. халыққа көмек Кейін Нәзия Сәрсембайқызы өтінішін елеусіз қалдырмай, қысқа уақыт ішінде көмек қолын созған «AMANAT» партиясы өкілдеріне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.