Ақсу электр стансасында жұмысшы қаза тапты
Ақсу электр стансасында жұмысшы қаза тапты
© taldykorgan-online.kz
2,327
оқылды
Ақсуда жұмысшы қаза тапты,   – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Қайғылы оқиға Ақсу электр стансасы қазандық-турбиналық цехының қазандық бөлімшесінде болған. ERG Service ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше,  30 маусымда сағат 22.03-те аталмыш серіктестіктің қызметкері көз жұмған.
«Қазандық және шаң дайындау цехтарын жөндеу жөніндегі слесарь механизмнің ішінде жұмыс істеп жатқан. Жазатайым оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. ERG Service  ЖШС  ұжымы мен басшылығы  марқұмның туыстары мен жақындарына  көңіл айтады»,  –  делінген хабарламада.
Компания марқұмның отбасына қажетті көмекті көрсетеді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы 30 маусымда 103 желісі бойынша Ақсу қаласы ЕЭК АҚ стансасы мекенжайы бойынша шақыру түскенін хабарлады.
«Жедел жәрдем тоғыз минутта жетті.  Зардап шеккен 1985 жылы туған машинист-қараушы көз жұмды»,  – деді басқарма.