Лукашенко ТМД елдерінің тәуелсіздігіне қатысты мәлімдеме жариялады
Лукашенко ТМД елдерінің тәуелсіздігіне қатысты мәлімдеме жариялады
© occrp.org
7,018
оқылды
Беларусь президенті Александр Лукашенко Гроднода өтіп жатқан Беларусь және Ресей өңірлерінің  IX форумы пленарлық отырысында бейнеүндеу жасады,  – деп хабарлайды БЕЛТА.
"Бүгін посткеңестік кеңістік елдері  өздерінің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтағысы келсе, Одақтық мемлекетпен жақын болуға шынайы мүдделі болуы тиіс. Біз бірлесіп қана жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұруға болатынына көз жеткіздік", – деді Александр Лукашенко.
Оның айтуынша, елдер арасында мемлекетаралық байланысты тезірек біріктіріп, нығайтпайынша дұрыс қарым-қатынас орнамайды. Ресей әскері 24 ақпанда Украина жеріне басып кірді. Беларусь  билігі Ресейдің әрекетін оң бағалап, қолдады. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Петербургте өткен Халықаралық экономикалық форум барысында Украинадан Ресейдің ықпалымен бөлінген, мойындалмаған "Донецк Халық республикасы" мен "Луганск Халық республикасын" Қазақстан мойындамайтынын ашық айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірқатар ресейлік депутат, журналист пен мәдениет қайраткерлерінің Қазақстанға қатысты орынсыз пікірлерін сынады. https://www.youtube.com/watch?v=fwoUHSaHObM&t=63s