Мұғалімдерге, дәрігерлерге және отставкадағы полицейлерге 72 000 теңге төленетіні туралы хабарлама тарады
Мұғалімдерге, дәрігерлерге және отставкадағы полицейлерге 72 000 теңге төленетіні туралы хабарлама тарады
26,197
оқылды
Әлеуметтік желілерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру салаларында жұмыс істейтін адамдарға және отставкадағы полицейлерге 72 000 теңге мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы жарнама тарады. Бұл жалған ақпарат, —деп хабарлады stopfake.kz.   width= Хабарламада басты назар аударарлық жайт – оның ресми сайтта немесе беделді БАҚ-та емес, белгісіз аккаунтта жарияланғаны. Президенттің ресми сайтында 72 000 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлем туралы жарлық жоқ. Мұндай әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің де ресми сайтында жоқ. eGov.kz электронды үкімет порталында Қазақстандағы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер тізбесінде де денсаулық сақтау, білім беру салаларының қызметкерлері мен отставкадағы полицейлер 72 000 теңге алуға үміттене алатыны туралы ақпарат жоқ. Алаяқтар жоқ төлемдердің төленетіні туралы бұған дейін де мәлімдеген. Осылайша, олар азаматтардың жеке деректерін, кейде ақшаларын иемденеді.