Қарағанды облысында жол апатынан ерлі-зайыптылар көз жұмды
Қарағанды облысында жол апатынан ерлі-зайыптылар көз жұмды
Фото: vsarov.ru
Қарағанды облысының Балқаш қаласы маңында жүк тартқыш көлік жолдан шығып кетіп, аударылды. Апат салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен оның жұбайы қаза тапты, - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. 30 маусым күні сағат 15.45-те «Балқаш-Сарышаған» автожолында DAF FT XF-105 жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болған. Полицейлердің айтуынша, жүк тартқыш көлік Балқаш қаласынан Сарышаған ауылына қарай жол тартқан. Кентке 50 шақырым жетпей 61 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, жол шетіне аударылып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 57 жастағы жолаушы (жұбайы) оқиға орнында қайтыс болды. Факт полицияда тіркеліп, процессуалдық шешім қабылданатын нәтиже бойынша тиісті сараптамалар тағайындалады», - делінген хабарламада.